?кпеде ?уыс пайда болу синдромы

?кпеде ?уыс пайда болу синдромы thumbnail

1. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті
СӨЖ
Орындаған: Аманкелді Н.
Тобы: ЖМ – 310
Қабылдаған: Нурдилла А.

2. Жоспар

I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
Өкпе тінінің тығыздалу синдромы
Этиопатогенезі
Клиникалық көріністері мен
шағымдары
Зерттеу әдістері
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

3.

Кіріспе

4. Өкпе тінінің тығыздалу синдромы

5.

Өкпе тінінің тығыздалу синдромы

6.

7. Қабынусыз себептері :

өкпе тінінде әртүрлі себептерге
байланысты дамитын үрдістер:
қабыну,
пневмосклероз,
қатерлі ісік,
ателектазы обтурациялық немесе
қысылу (өкпе тінінің жиырылуы, босаңсуы),
өліеттенуі (өкпе инфарктісі),
жүрек жетіспеушілігі (қан іркілу)

8. Өкпе тіні тығыздалу синдромы

Даму жолдары: себебіне байланысты — өзгеріс өкпе
тінінде, яғни альвеолаларда дамиды.
• қабынулық — альвеолаға қабынулық сұйықтық жиналуы
(бейтарап – пневмония;
спецификалық — туберкулез )
Соған байланысты альвеола қабырғалары қалындап,
кернелу (жиырылу,босаңсу) қасиеті төмендейді, ауа
жиналу нашарлайды;

9. Өкпе тіні тығыздалу синдромы

ателектазда – обтурациялық
Даму
жолдары
компрессиялық (қысылуында -сырттан) — толық керілуі
мен ауа толуына кедергі
пневмосклерозда
өкпе тіні дәнекер тінмен ауысады;
қатерлі ісікте
қатерлі ауасыз тінмен ауысады;

10.

Қабыну себебінен өкпенің
тығыздалуы

11.

12. Өкпе тіндері тығыздалуы синдромының балалардағы ерекшеліктері

Балаларда өкпе тіндерінің
тығыздалуы синдромы көбіне
пневмония ауруына
байланысты болып келеді.
Жаңа туған нәресте
пневмониясының
ерекшеліктеріне орталық
жүйке жүйесінің
бұзылыстарына байланысты
тез арада пайда болатын
токсикоз, қабыну процестің
генерализациясы, анемия,
гиповитаминоздардың
туындауы болады.

13. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы-өкпе артериясы негізгі бағаны немесе тармағының кенеттен эмболмен бітелуінен өкпе

Өкпе инфаркты
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы-өкпе артериясы негізгі бағаны немесе
тармағының кенеттен эмболмен бітелуінен өкпе паренхимасында
қанайналымның тоқтауын айтады.
Себептері: Жүректің созылмалы аурулары, қатерлі ісіктердің болуы, әртүрлі
инфекциялық аурулар, ауыр операциялар, терінің көлемді күюі және т.б
Әдетте тромб аяқтың терең веналарында, жамбас веналарында түзіледі.
Ауру ұзақ уақыт әрекетсіз жатқанда тромбтар вена тамырларының ішінде
қалқып тұрады немесе оның қабырғасымен өте әлсіз байланыста болады.
Міне осы тромбтар кез келген уақытта орнынан жылжып кетіп жүректің
оң қарыншасынан өкпе артериясының бағанасына түседі. Егер тромбэмбол
өте үлкен болса, ол өкпе артериясының айырығын бітеп тастайды. Бұл
жағдайда ауру кенеттен өліп қалады. Өлім себебі пульмоно-коронарлық
рефлекске немесе жүректің оң қарыншасының жедел кеңейіп кетуіне
байланысты болады. Одан кішілеу тромбтар өкпе артериясының
тармақтарын тығындап, өкпеде үлкенді-кішілі инфаркт ошақтары пайда
болады. Әдетте бұл үшбұрышты қызыл инфаркт. Инфаркт аймағына
инфекция түскенде инфаркт ошағы іріңдеп, плевраға жақын жерлерде іріңді
плеврит дамиды.

14.

Кенеттен ентігу
Күрт әлсіздік, бас
айналу
Кеудеде ауырсыну
Мойын веналарының
пульсациясымен ісінуі
Жүрек шекарасының
оңға ұлғаюы
Әлсіреген тыныс
және шектелген
аймақтарда майда
көпіршікті сырылдар,
құрғақ сырылдар
Қарап
тексергенде
анықталады
Өкпелік артерияда II
тонның акценті және
екі еселену
Әртүрлі айқын
цианоздар
Жөтел
Қан түкіру

15.

Пневмония – өкпенің
респирациялық
бөлшектерінің басым
зақымдануымен,
альвеолалардың экссудациясымен
сипатталатын, бірақ
зақымдалған
анатомиялық
құрылымдардың
бұзылысына әкелмейтін
өкпенің жедел
инфекциялық қабыну
процесі.

16.

Өкпе қабынуының
ұзақтығына қарай:
жедел пневмония
созылмалы пневмония

17. Этиологиясы.

18. Пневмонияның асқынулары

Асқынулардың өкпелік (жергілікті,
респираторлық) және өкпеден тыс
(респираторлық емес) түрлерін айырады.
Негізгі белгілері
ателектаз;
өкпенің уытты ісінуі (респиратолық дистресс
синдром);
плевриттер
тыныс шамасыздығы.
бронхтық обструкция синдромы.
Респираторлық емес (өкпеден тыс) асқынулар:

19.

20. Тыныс демікпесі

Тыныс жолдарының қабынуы,
бронхтардың гиперреактивтілігі
және пароксизмальды түрде
жартылай не толық
бронхтардың кері қайтымды
бітелуімен өтетін созылмалы
ауру.

21. Этиологиясы

Экзогенді
факторлар
Эндогенді
факторлар
Инфекциялық емес
Инфекциялық
Микробтар антигені
метерологиялық
Механикалық, химиялық
Физикалық жүктемелер, стресс
Микробтардың, тіндер
ыдырауында пайда
болатын қосындылар
Қабыну элементтері

22.

П АТ О Г Е Н ЕЗ І
Бронхтардың бірыңғай салалас
бұлшықеттерінің жедел түйіліуі
Бронх қабырғаларының қабынуы және
қабыну
салдарынан ісінуі
Бронхтарда кілегейлі тығындар пайда
болуы
Бронхтар қабырғасының морфологиялық
құралымының және перибронхиальды
тіннің
өзгеруі

23. Клиникасы

• Негізгі шағымы-тұншығу
ұстамасы.Ұстама көбіне түнгі мезгілде
мазалайды. Ұстама кейде жөтел , әр
түрлі иіс келгендей, көмекей жыбыры
пайда болады. Әрі қарай тынысты
сыртқа шығару қиындайды.
• Демікпенің өршуі жөтелдің күшеюімен,
жабысқақ, қиын бөлінетін қақырық
пайда болады. Бірте-бірте қақырық
сұйылып жұмсарады, бөлінуі жеңілдейді.

24.

•кеуде серпімділігі төмендеген, дауыс дірілі әлсіреген.
Пальпацияда
Перкуссияда
Аускультацияда
• өкпе үстінде қорапты дыбыс, өкпе шектері кеңіген, өкпе
экскурсиясы шектелген
•тыныс демікпесі ұстамасы кезінде тыныстың іштен дем
шығару кезі ұзарған қатаң дыбыс, құрғақ сырылдар естіледі.
Ұстама соңында бірең-сараң ылғал сырылдар пайда болады.

25.

26. Этиологиясы

Некроздаушы инфекциялар:
Алтын сары стафилококк
Клебсиелла
А топт ы стрептококктар
Батериоидтар
Фузобактериялар
Анаэробтық, микроаэрофильдік кокктар
Стрептококктар т.б
Тікелей емес себептерге:
Септикалық эмболиялар
септикопиемиялар

27. Патогенезі

• іріңдік тудыратын микробтар өкпе тканіне
әртүрлі жолмен енеді:
• 1. Бронх арқылы (бронхоэктазия ауруы, пневмония,
тамақ немесе бөгде денелер аспирациясы);
• 2. Гематогенді жол. Организмде іріңдік аурулардың
(тромбофлебит, остеомиелит) болуы инфекциясының
өкпеге қанмен келіп енуіне жол ашады.
• 3. Лимфогенді жол. Көрші органдағы іріңдіктен
инфекция өкпеге лимфа тамырлары арқылы келіп енеді.

Читайте также:  Орз с кишечным синдромом мкб

28. Абсцестің даму этаптары

29. Абсцесс

30. Клиникасы:

31. Өкпе абсцессінің негізгі симптомдары:

көбінесе екіншілік
ауру ретінде дамиды.
Науқас анамнезінде
пневмония,
бронхоэктатикалық
ауру,
кеуде қуысының
жарақаттары, бөгде
заттың аспирациясы,
сепсис көрсетіледі.
Ассиметриялық
тыныс алу
Әлсіздік, тәбетінің
төмендеуі, бас ауруы
Гектикалық типтегі
температураның
жоғарылауы
Тахипноэ
Тахикардия

32. Абсцестің асқынулары:

Пневмоторокс
Өкпелік қан
кеті
Плеврит
Бактериемиялық
шок

33.

Пальпация: абсцесс үстінде бастапқыда
дауыс дірілі күшейген, кейін оның
әлсірегені байқалады.
Перкуссия: абсцесс маңында өкпенің
ауалылығы азаятындықтан, өкпе
дыбысының бәсеңдеуі анықталады.
Аускультация: әуелі везикула
дыбысында бронх тынысының іріңі
пайда болады. Кейін везикула тынысы
әлсіреген болады.

34. Қорытынды

Қорыта айтқанда, өкпе тіндерінің тығыздалып
қатаюы әр түрлі ауруларда және патологиялық
жағдайларда кездесе береді. Аталған аурулардың
әр қайсысының өзіне тән көптеген ерекше
әйгіленімдері болғанымен, бұлардың барлығына
ортақ болып келетін бір қатар белгілерді іріктеп
алуға болады. Бұл белгілер жиынтығы өкпе
тіндерінің тығыздалу синдромы болып табылады.
Емдеу үшін этиотропты және патогенетикалық
клиникалық зерттеулер жүргізіліп, нақты
диагноздан кейін белгілі бір ауруға тән емдік
шараларды қолданады.

35. Әдебиеттер:

1.Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы. Алматы, 2005.-338 б -342 б.
2. Ахметов К. Ішкі аурулар пропедевтикасы. – Ақтөбе,
2007.
3. Ахметов Қ.Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің
клиникалық дәрістері (оқу құралы). – Алматы, 2009.
4. Мухин Н.А., Моисеев В.С. Пропедевтика внутренних
болезней: учебник + СД. – 4-е изд. – М., 2008. – 848 б.
5. Лиссауэр Т., Клейден Г. Пропедевтика детских
болезней, иллюстрированный учебник/ пер. с англ. под
ред. Н.А.Геппе. – 3-е изд. – М., 2008. – 350 б.

Источник


Өкпенің аускультациясы. Өкпенің аускультациясы бір белгілі жоспармен жүргізіледі: фонендоскоп немесе стетоскоп өкпенің оң, сол жағының мұқият симметриялық нүктелеріне қойылады. Тыңдау – кеуденің алдынан жоғарыдан төмен және шеттерге қарай жүргізіледі, қолтық астын тыңдағанда науқасты қолын көтеруін сұрайды. Жауырын ортасын тыңдағанда пациент оң қолын сол иығына, сол қолын оң иығына құшақтап отырады, сонда жақсы естіледі..

Таңдауды тұрғызып не отырғызып жүргізу керек, қажетті кезде жатқызу болады.

Дем алу мүшелерінің қызметінен туатын барлық дыбыс негізгі дыбыстар және қосымша дыбыстар болып екі топқа бөлінеді.

Негізгі дыбыстарға везикула тынысы, бронх тынысы және аралас тыныс. Қосымша патологиялық дыбыстар: сырылдар, крепитация, плевра үйкелес шуы.

Везикулалық тыныс өкпе үстінде естіледі ол «Ф» әрібін ауаны ішке тартып айтқанда пайда болатын дыбысқа ұқсап, құлаққа жұмсақ естілетін дыбыс. Оның физиологиялық өзгерісі: күшею, әлсіреу не жойылып кетуі мүмкін.

Бронх тынысы қатандау және демді сыртқа шығарған кезде айтқан «Х» әрібінің естілуін еске түсіреді. Қалыпты жағдайда бронх тынысын трахея, көмей үстінен және үлкен бронхтың кеуде сарайы қабырғасына тақалып тұратын жерлерінде тыңдауға болады, басқа жерде естілмейді.

Қосымша тыныс дыбыстары. Сырыл деп бронх ішімен ауаның және секреттің қозғалысынан пайда болатын дыбыстарды атайды, сырыл құрғақ және дымқыл болады.

Құрғақ сырыл бронх ішінде жабысқақ секрет жиналғаннан пайда болады.

Дымқыл сырыл бронх ішінде сұйық секрет жиналғаннан пайда болады.

Крепитация. Альвеола ішінде аздап сұйық пайда болса демді сыртқа шығарғанда оның қабырғалары бір-бірімен жабысады. Демді ішке алғанда, олардың бір-бірінен ажырасуынан туатын дыбыс крепитация деп аталады. Демді ішке ғана алғанда пайда болады да қардың сықырлауына немесе екі қағазды үйкелеген кезде естілетін дыбыстай болады.

Плевра үйкелесінің шуы. Әр түрлі патологиялық процесстердің әсерінен плевра беттерінің тегістігі бұзылып, беттері үйкелескен кезде әр түрлі дыбыстарды тұдырады: жұмсақ тегіс матаның үйкелесі, тырнау қағаздың сыбдыры, қардың сықыры сияқты дыбыстар демді алған және шығарған кездеде естіледі.

Тыныс алу жүйесі ауруларының негізгі синдромдары
Өкпе тінінің ошақты тығыздалу синдромы

Өкпе тінінің ошақты тығыздалу синдромы өкпенің созылмалы қабынуында немесе өкпе рагында дамып, альвеолалар қабынып экссудатқа және фибринге ( пневмонияда), қанға (өкпе инфрактысында) толады, қабынған тін дәнекер тінмен алмасып, тығыздалады (пневмосклероз).

Негізгі шағымы – демікпе. Жалпы қарағанда кеуде қуысының зақымданған жағы тыныс алуда қалыңқы болады, тығыздалған аймақта дауыс дірілі күшейеді және перкуссияда дыбыс тұйықталады, аускультацияда бронхиалды тыныс естіледі, бронхофония күшейеді. Майда бронхтарда сұйықтық жиналса үнді сырылдар пайда болады. Рентгенологиялық зерттеуде қараю ошағы байқалады.
Өкпеде қуыстың болу синдромы

Өкпеде қуыстың болу синдромы өкпе абсцесінде немесе туберкулезді кавернада, өкпе ісігінің ыдырауында, ірі қуыс сұйықтан бос болып, бронхпен байланысып, қабыну білікпен (валик) қоршалғанда және бронх қабырғасы қапшық тәрізді кеңейіп бронхоэктазия дамығанда кездеседі. Кеуде қуысын қарағанда тыныс алуда зақымданған жағы қалыңқы болады, дауыс дірілі күшейеді, перкуссида бәсеңдеу-тимпаникалық (периферияда орналасқан ірі қуыс болса) немесе тимпаникалық, кейде «металл» реңі бар дыбыс шығады, аускультацияда амфора тынысы естіледі, бронхофония күшейеді және орташа-ірі калибрі үнді сырылдар естіледі. Рентгенологиялық зерттеуде өкпеде қуыс анықталады.

Плевра қуысында сұйықтықтың жиналу синдромы

Плевра қуысына сұйықтықтың жиналу синдромы гидроторакста ( жүрек жетіспеушілігінде плевра қуысына транссудат – қабыну емес сұйықтығының жиналуы), немесе экссудативті плевритте (плевраның қабынуы) кездеседі. Бұл синдромға тән шағым – демікпе тыныс жетіспеушілігінде, өкпенің басылуынан және дем алу бетінің азаю нәтижесінде дамиды. Қарағанда: плеврада сұйықтық жиналған жағы өсіңкі болып, кеуде қуысының асимметриясы байқалады және тыныс алуда қалыңқы болады. Сұйықтық жиналған жағында дауыс дірілі әлсірейді немесе анықталмайды, перкуссияда тұйық дыбыс, аускультацияда тыныс және бронхофония күрт әлсіреген немес жойылған. Рентгенологиялық зерттеуде көбінесе өкпенің төменгі бөлігінде сұйықтық жиналған аймақ қараяды (гидроторакста жиі қосжақты болады). Қараюдың жоғарғы шегі анық, плеврада транссудат жиналса шегі горизантальды, ал экссудат жиналса шегі қиғаш орналасады.

Читайте также:  Бывают ли агрессивными дети с синдромом дауна

Плевра қуысында ауа жиналу синдромы (пневмоторакс)

Плевра қуысында ауа жиналу синдромы – плевра қуысының бронхтармен байланысы болған жағдайда, туберкулезді каверна немесе абсцесс сублплевральды орналасып, плевра қуысына жарылса – спонтанды (өзіндік) жабық пневмоторакс дамиды, кеуде қуысы жарақаттарында ашық және клапанды жасанды пневмоторакс кездеседі. Ащық пневмоторакста плевра қуысы тұрақты түрде атмосфера ауасымен қатынасы болады, клапанды пневмоторакста ауа плевра қуысында тыныс алған кезде енеді де, тынысты шығарған кезде кері шықпайды. Себебі тынысты кері шығарған кезде висцеральды плевраның тілімі клапан болып, кіреберіс тесікті жауып таста отырады. Клапанды пневмоторакс өте қауіпті , өйткені плевра қуысында жиналатын ауа өкпені біртіндеп қысып тастайды. Кейде кеуде қуысындағы басқа мүшелерде қысылып қалады. Негізгі шағымдары кеуде сарайының ауырсынуы және біртіндеп күшейе түсетін демікпе.

Бұл синдромда кеуденің ауа жиналған жағының ұлғаюына байланысты асимметриясы байқалады және тыныс алу қалыңқы болады. Ауа жиналған жерде дауыс дірілі күрт әлсірейді немесе жойылады, перкуссияда тимпанды дыбыс, аускультацияда жабық пневмоторакста ешқандай тыныс естілмейді, ашық пневмоторакста бронх тынысы анықталады. Рентгенологиялық тексеруде өкпе суреті көрінбейтін ашық өкпе аймағы және түбіріне жақын басылған өкпе көлеңкесі байқалады.
Плевра қуысында ауа мен сұйықтықтың қатар жиналу синдромы

Плевра қуысында ауа мен сұйықтықтың қатар жиналу синдромы плевра эмпиемасына тән. Қарғанда ауру жағы өсіңкі болуы және тыныс алуда қалыңқы болуы анықталады. Перкуссияда ауа үстінен дыбыс , сұйықтықтың үстінен тынық дыбыс анықталады, перкуссиялық симптомдар науқастың төсектегі қалпына байланысты болады. Аускукльтацияда – визикулалық тыныс әлсіреген, не ешқандай дыбыс естілмейді. Бронхофония әлсіреген.

Бронхиалдық обструкция синдромы

Бронхиалдық обструкция синдромы обструктивтік бронхитте, бронхиалдық астмада дамиды. Синдром негізінде бронхтардың кілегей қабатының ісінуі және қабыну немесе аллергиялық реакция нәтижесінде пайда болатын кілегейлі сұйықтықпен бітелуі жатады. Негізгі шағымдар – ұстамалы жөтел, демікпе, дистанциялдық сырылдар, тұншығу ұстамасының дамуы, цианоздың пайда болуы. Науқас ортопноэ қалпында, перкуссияда қорапша дыбыс, аускультацияда әлсіз везикулалық немесе қатқыл тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Рентгенологиялық зерттеуде өкпе суретінің мөлдірлігі жоғарылайды, диагфрагма төмендейді және қимылы шектеледі.
Өкпе ауалылығының жоғарылау синдромы (эмфизема)

Өкпе ауалылығының жоғарылау синдромы (эмфизема) созылмалы обструктивтік бронхитте, бронхиалдық астмада, темекі көп шеккенде, бронхтарда және альвеолаларда қысымды үнемі жоғарылататын кейбір мамандарда кездеседі (үрлеме аспаптарда ойнайтын әртістер, шыны үрлейтін өндірісте). Өкпе эмфиземасында альвеолалардың эластикалық қасиетінің төмендеуіне, қысымның жоғарылауына байланысты альвеолалар кеңейеді, олардың қабырғасы жұқарып, жарылады. Бұл бірнеше альвеолалардың бір-бірімен қосылып, өкпе көпіршіктерінің тууына себеп болады. Альвеолалардың кеңуі мен өкпе көпіршіктерінің (булла) пайда болуы өкпе ауалылығын көбейтеді. Негізгі шағымы – экспираторлық демікпе. Қарағанда беті ісіңкі, цианоз, мойын веналары ісінеді, кеуде қуыс «бөшке» тәрізді, қабырғааралықтар кеңейеді, бұғана үсті және бұғана асты ойықтар тегістеледі. Перкуссияда – қорапша дыбыс, өкпенің төменгі шеттері төмен ығысады және қимылы шектеледі, аускультацияда – әлсіз везикулалық тыныс естіледі. Рентгенологиялық зерттеуде өкпе суретінің мөлдірлігі жоғарылайды және анық болмайды, диагфрма төмен орналасады және қимылы шектеледі.
Ателектаз синдромы (компрессиялық, обтурациялық)

Ателектаз синдромы (өкпе ауасының азаюы синдромы) өкпе тінінің басылуынан қабыну инфильтрациясында (өкпенің тығыздалуы) және өкпеде дәнекер тіннің өрбіп өсуіне, бронхтардың бітелуіне байланысты дамиды.

Түрлері: обтурациялық ателектаз синдромы ірі бронхтың бітелуінен (бөгде дене, ісік, құсық және қанмен аспирациясы) және компрессиялық ателектаз синдромы өкпенің сырттан басылып, қысылуынан болады (эксудативтік плеврит, гидроторакс, пневмоторакс).

Обтурациялық ателектазда қарау кезінде өкпенің бір жақты семуі мен тыныс алуда қалыңқы болуы анықталады. Пальпацияда: дауыс дірілінің азаюы немесе жойылып кетуі болады. Перкуссияда: өкпе дыбысының әлсіреуі немесе тынық дыбыс анықталады.

Компрессиялық ателектазда кеуденің ауру жағы өсіңкі және тыныс алуы әлсірейді. Пальпацияда дауыс дірілі күшейеді, перкуссияда өкпе дыбысы бәсеңдеп, дабыл реңкілі болады, аускультацияда – бронх тынысы және бронхофония күшейгені анықталады.

Тыныс алу жетіспеушілігі синдромы (жедел және созылмалы)

Гипоксемия (оттегінің азаюы) және гиперкапния (көміртек тотығының көбеюі) дамығанда немесе қанның газды құрамын қалыпты деңгейде сақтау үшін тыныс мүшелерінің және жүрек қызметі күшейіп тыныс жетіспеушілігі дамиды.

Негізгі себептері: тыныс жүйесінің аурулары.

Этиологиясына байланысты түрлері:


  • Обструктивтік – бронх өзегінің тарылуы ( бронхит, бронхиалдық астма, кеңірдектің және ірі бронхтардың тарылуы немесе қысылуы, мысалы імікпен, т.б. );

  • Рестриктивтік (шектеулі) – өкпенің кеңеюге және кішіреюге қабілетінің шектелуіне байланысты дамиды ( пневмосклероз, гидро- немесе пневмоторакс, плевра беттерінің бір-біріне жабысуы, кифосколиоз, қабырға шеміршектерінің сүйектенуі, қабырға қозғалуының шектелуі т.б.);

  • Аралас ( қосарласқан) – обструктивтік және рестриктивтік түрлерінің белгілерінің қосарлануы, жиі біреуінің белгілері басымдау болады, ағымы ұзақ өкпе жүрек ауруларында кездеседі.
Читайте также:  Синдром обструкции дыхательных путей реферат

Негізгі шағымдар – демікпе, цианоз, кеш сатыларында жүрек жетіспеушілігі қосылса ісіктер пайда болады.

Тыныс жетіспеушілігінің түрлері: жедел (бронхиалдық астма ұстамасында, крупозды пневманияда, спонтанды пневмоторакста) және созылмалы.

Оның ауырлығына қарай 3 дәрежесін ажыратады:

1 дәрежесі – демікпе науқасқа сәл ғана немесе біршама күш түскенде пайда болады.

2 дәрежесі — демікпе шамалы күш түскенде пайда болады. Функционалды тексеруде көрсеткіштердің қалыпты мөлшерден ауытқулары анықталады.

3 дәрежесі – демікпе мен цианозды науқастың жай тыныш күйінде анықтауға болады. Функционалды тексеруде көрсеткіштердің терең өзгерістері байқалады.

Өкпенің созылмалы ауруларында дамитын тыныс жетіспеушілігінің 3 сатысын бөледі: жасырын өкпелік, айқын өкпелік, және өкпе-жүрек жетіспеушілігі.

Тыныс алу жүйесі зақымданған пациенттерді тексеру

Шағымдары: Аурудың анамнезі:

  1. Жөтел

  2. Қақырықты бөлу

  3. Ентігу

  4. Демігу (түншығу)

  5. Қан қақыру

  6. Өкпеден қан кету

  7. Кеуде сарайында ауырсыну

  8. Дене температурасының көтерілуі

  1. Қауіпті факторлар

  2. Жұмыс жағдайы, мамандығы

  3. Әлеуметтік жағдайлар

  4. Зиянды әдеттер

  5. Салқын өту

  6. Аллергиялық анамнез

  7. Тұқым қуалаушылық

  8. Эпидемиологиялық анамнез

Науқасты тікелей тексеру

ҚарауПальпацияПеркуссияАускультация
1.Төсектегі қалпы

2. Бетінің цианозы

3. Ентігу

4.Тұншығу

5.Саусақпен тырнақтарының түрі

6.Кеуде сарайының түрі


  1. Дауыс дірілі

  2. Кеуде сарайының ұлпаларының ауырсынуы
1.Өкпе шегарасы

2. Өкпенің төменгі шетінің

қозғалысы

3. Перкуторлы дыбыстың өзгеруі


  1. Дем алудың сипаттамасы

  2. Бронхофония

  3. Сырылдар

  4. Крепитация

  5. Плевра үйкелес шуы

Лабораторлы және аспаптармен зерттеу әдістері

АспаптарменЗертханалық

  1. Рентгенологиялық

  • рентгеноскопия

  • рентгенография

  • томография

  • флюорография

  1. Бронхоскопия

  2. Бронхография

  3. Спирометрия

  4. Спирография

  5. Пневмотахометрия

  1. Жалпы қан анализі

  2. Жалпы несеп анализі

  3. Қанның биохимиялық зерттеуі

  4. Қақырықтың бактериологиялық зерттеуі

  5. Қақырықтың бактериоскопиялық зерттеуі

  6. Қақырықтың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау

  7. Қақырықтың, экссудаттың цитологиялық зерттеуі

Жүрек- қан тамыр жүйесінің тексеру тәсілдері
Субъективті тексеру.
Шағымдары:Жүрек тамыр ауруларымен ауыратын адамдардың негізгі шағымдарына кіреді: ентігу, жүрек қағу, жүрек тұсында және төс артында ауырсыну, жүрек қағу және шалыс соғуы, жөтел, қан қақыру, ісінулер, цианоз, тұншығу ұстамалары.

Ентігу бұл дем алудың жиілігінің , тереңдігінің және ырғағының бұзылуы. Бұл кіші қан айналым шеңберінде қанның іркілеуіне байланысты дамиды, қан айналымның жетіспеушілігін білдіреді. Одан басқа, газ алмасу бұзылып, қанда көмірқышқылы жиналады да, гипоксия мен гиперкапния дамиды. Сұрастыру кезінде пациенттен ентігудің қай кезде пайда болатының анықтау керек. Жүрек жетіспеушілігінің дәрежесін ентігудің күштілігіне қарап анықтауға болады.Алғашқы сатыларда айқын физикалық күш түскенде пайда болады, кейін қалыпты күш түскенде: жүргенде, сөйлегенде, тамақтан кейін. Аурудың соңында тыныштық кезінде болады.

Демігу ұстамасы (тұншығу) ентігудің ең ауыр түрі. Жүрек ауруларында тұншығу ұстамасы жүректің сол жақ қарыншасының жедел әлсірегенің білдіріп, жүрек демікпесі деп (астмасы) аталады, яғни бронх демікпесінен ажырату керек.

Жүрек тұсының ауырсынуы әр түрлі себептерден болады. Төс артында және жүрек тұсында орналасса жүректің ишемиясын, инфарктті, миокардитті, перикардитті білдіреді. Ауырсыну кейде рефлекторлы болуы мүмкін, мысалы: қабырға аралық невралгияда, плевраның бұлшық еттердің зақымдануында, холециститте, асқазан ойық жарасында, омыртқаның мойын бөлігінің остеохондрозында, өнештің ауруларында және басқа жағдайларда.

Жүрек қағуы деп ауруы адамның өз жүрегінің соғуын сезуді айтады. Жүректің қағуы жүрек жиі жиырылғанда, тахикардияда пайда болады және қалыпты ырғақта да сезілуі мүмкін. Көбінесе жүрек нврозында кездеседі, сау адамдарда қобалжығанда, ішімдікте, кофе, шәй ішкеннен кейін, темекі тартқанда, айқын физикалық күш түскенде байқалады. Жүрек бір келкі қағуы мүмкін немесе ұстама түрінде — оны пароксизмальды тахикардия дейді.

Жүректің шалыс соғуы. Бұл жұректің ырғағының бұзылуына байланысты пациент жүректің тоқтап қалып қайта соғуын сезеді.

Жөтел жүрек ауруларында кіші қан айналым шеңберінде қан іркілудің нәтижесінде дамиды.

Қан қақыру. Кіші қан айналым шеңберінде қан қысымы көтерілгенде, ұсақ қан тамырлар жарылып, эритроциттер сыртқа альвеолаға шығуына байланысты науқас қан түкіреді.

Бас ауру – артериальды гипертензияда.

Ісінулер. Сұйықтықтың ұлпаларда және қуыстарда жиналуы.

Жүрегі зақымданған науқастарда үлкен қан айналым шеңберіне қан іркіліп ұлпаларға сары суы шығуына байланысты дамиды. Басында ісінулер кешкісін пайда болып ертенгісін тарап кетеді, жүрек жетіспеушілігі күшейген сайын ісінулер тұрақталады. Алғашында ісінулер аяқтың табанында пайда болып біртіндеп жоғарлайды. Дами келе ісіну сүйықтығы тер асты шелді ған қамтып қоймай, шырышты қабықты қуыстарға жинала бастайды. Оның іш қуысында жиналуы – асцит,плевра қуысында жиналуы гидроторакс, перикард қуысында жиналуы –гидроперикад деп аталады. Ісінулердің кен тараған түрі, барлық денеге қамтуы – анасарка деп аталады.

Диспепсиялық шағымдар. Іш қуысында қан айналым бұзылғанда пайда болады. Ас қорыту мүшелерінде қан іркілісі олардың қызметін бұзады. Жүрек әлсіздігінде қан алдымен бауырда іркіледі соңдықтан бауыры ұлғайып оң жақ қабырға астында ауырсыну пайда болады және осы шағымдар пайда болады: жүрек айну, құсу, тәбетінің төмендеуі, іштің кебуі, іш өту, іш қату.

Дене қызуының көтеріліу, терлегіштікжүректің қабыну ауруларында болады.

Источник