Жіті коронарлы? синдром ал?аш?ы к?мек 2016

Жіті коронарлы? синдром ал?аш?ы к?мек 2016 thumbnail

Жіті (жедел) коронарлы синдром деп миокард инфарктісін немесе тұрақсыз стенокардияға күмән тудыратын кез келген симптомдарды және клиникалық көріністерді айтады.

  1. ST тісшесінің жоғарылауымен көрінетін миокард инфарктісі;
  2. ST тісшесінің жоғарылауынсыз крінетін миокард инфарктісі;
  3. Кардиоспецификалық ферменттер, биомаркерлер, ЭКГ соңғы кезеңінде жасағанда анықталатын миокард инфарктісі;
  4. Тұрақсыз стенокардия;

Жіті (жедел) коронарлы синдром диагнозы жеке нозология болып табылмайды. Науқас ауруханаға келген соң «Жіті коронарлы синдром» диагнозы басқа диагнозға ауысуы керек. Ол келесілер: тұрақсыз стенокардия, Q тісшесімен миокард инфарктісі, Q тісшесі жоқ миокард инфарктісі, сұрақты стенокардия немесе басқа ауру.

Жіті (жедел) коронарлы синдром патогенезі.

Жіті (жедел) коронарлы синдром патогенезінде келесі факторлар басты орынды алады:

  • Атеросклеротикалық түйін жарылуы емесе эрозиясы;
  • Әртүрлі сатыдағы коронарлы артерия тромбозы;
  • Коронарлы артерия спазмы;
  • Коронарлы артерия дистальды эмболизациясы;
  • Қабыну;

Атеросклеротикалық түйіндердің жарылуы немесе эрозиясы оның тұрақсыздығы келесі себептермен байланысты:

  • Липидтік ядроның үлкен көлемі;
  • Коллаген зақымдалуымен, жіңішке фиброзды капсула;
  • Біріңғай салалы бұлшықеттер төмен тығыздығы;
  • Макрофагтардың жоғары концентрациясы;

Жіті (жедел) коронарлы синдром клиникалық көрінісі.

Жедел коронарлы синдром ST тісшесінің төмендеуінсіз жүретін түрінде екі нозологиялық формаға бөлінеді. Олар тек симптомдардың айқын көрінуімен ғана ерекшеленеді десе де болады. Бұл екеуіне ST тісшесіндегі өзгеріссіз инфаркт миокарды және тұрақсыз стенокардия жатады.

ST тісшесіндегі өзгеріссіз инфаркт миокарды дегеніміз миокардтың жедел ишемиясы. Бұл кезде ауру ауырлығы және ұзақтығы оның миокардта некроз түзілуіне әсер ете алады.

Бастапқы ЭКГ де ST тісшесінің жоғарылауы байқалмайды. Көпшілік науқастарда сонымен қатар Q тісшесі де анықталмайды. Мұндай науқастарда Q тісшесі жоқ миокард инфарктісі анықталады.

ST тісшесіндегі өзгеріссіз миокард инфарктісі тұрақсыз стенокардиядан тек қанда миакард некрозының маркерлері анықталуымен (концентрациясының жоғарылауымен) ажыратылады.

Тұрақсыз стенокардия дегеніміз миокард некрозын тудыруға аурудың ауырлығы және ұзақтығы жетпейтін миокард инфарктісін айтамыз. Бұл кезде де ЭКГ де ST тісшесі жоғарылауы анықталмайды. Миокардта некроз процессі болмағандытан қанға миокард некрозының арнайы маркерлері табылмайды.

Жедел коронарлы синдром кезіндегі науқас шағымы

Негізі көрініс ретінде науқаста 15 мин асатын ауырсыну синдромы байқалады. Стенокардияның түнгі және тыныштық уақытындағы ұстамасы дәрігерге қаралуға себеп болады.

Атипті көріністері 75 жастан асқан науқастарда, 40 жасқа дейінгі жас адамдарда, қант диабетімен ауыратындарда, әйелдерде байқалуы мүмкін. Келесі симптомдар көрінеді:

  • Тыныштықтағы ауырсыну;
  • Эпигастральді аумақтағы ауырсыну;
  • Асқортудың жедел түрдегі бұзылысы;
  • Кеуде қабырғасындағы ине сұққан тәрізді ауырсыну;
  • Плевритке тән кеуде қуысындағы ауырсыну;
  • Ентігудің күшеюі, физикалық жүктемені көтере алмау;

Жедел коронарлы синдром кезінде ЭКГ жүргізу негізгі дигностикалық әдістердің бірі. Бұл кезде негізгі көрініске жататыны: ST сегментінің жылжуы және Т тісшесінің өзгеруі. ЭКГ негізінде ауырсыну ұстамасы кезінде жасаған тиімді. Коронарлы синдромды шартты диагностикасы үшін бірнеше ЭКГ динамика кезінде жасау керек.

ЭКГ мен коронарлы синдромға диагностика үшін екі жағдай маңызды:

  • Ауырсыну синдромы жоқ болғанда ЭКГ де өзгерістер байқалмауы мүмкін.
  • Егер ЭКГ өзгеріс жоқ болса, ол жедел коронарлы синдромның жоқ екенін көрсетпейді.

Жедел коронарлы синдром лабараторлы диагностикасы

Қанның жалпы анализін жүргізу көрстілген. Мұнда біз лейкоциттер, лейкоцитарлы формула, эритроциттер, гемоглобин құрамы, ЭТЖ қараймыз. Сонымен қатар арнайы биохимиялық көріністерге мән беру керек, олар тропониндер, МВ-фракция креатининфосфокиназа, глюкоза.

Миокард некрозының маркерлері.  Бұған жоғарыда аталғандар (тропониндер, МВ-фракция креатининфосфокиназа) жатады. Қанда тропониндер немесе МВ-КФК табылса, оларды келесі 12 сағатта ауырсыну синдромынан кейін тағы анықтау керек. Бұл миокард некрозын нақтылауға қажет.

Жедел (жіті) коронарлы синдромды емдеу

Коронарлы синдромы бар науқасты ауруханаға жансақтау бөліміне немесе интенсивті терапия бөлімін госпитализация жасау керек. Жансақтау бөлімінде жату уақыты науқас жағдайына, ЭКГ динамикасына, қан және биохимиялық көрсеткіштерге байланысты болады.

Медикаментозды емдеу

Жедел коронарлы синдромды емдеуде бірнеше топ емдік препараттарды пайдаланады.

  1.  Нитраттар;
  2. В-адреноблокатор;
  3. Кальций каналын тежеуші блокаторлар;
  4. Антитромбтық, антитромбоцитарлық препараттар: ацетилсалицил қышқылы, клопидогрел, абциксимаб, эптифибатид;
  5. Антитромбиндық препараттар: гепарин, натрий төменгі мөлекулалы гепарин –энксапарин натрий, надропарин кальций, далтепарин натрий;

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Жіті коронарлы? синдром ал?аш?ы к?мек 2016

Publication author

Loading…

Источник

Коронарлық жіті синдромды ауруханаға дейінгі этапта емдеу. Алғашқы көмек

ЖКС – миокардтың жіті инфаркты немесе тұрақсыз стенокардияға күдік тудыратын клиникалық симптомдардың кез-келген қосарлануларын айтады. Бұл синдромға миокардтың жіті инфаркты, ST сегментінің көтерілуімен болатын миокард инфаркты, ST сегментінің көтерілуінсіз миокард инфаркты, тек ферменттердің деңгейлері бойынша анықталған миокард инфаркты, биомаркерлер деңгейлері бойынша анықталған миокард инфаркты, ЭКГ-ның кеш байқалатын өзгерістері бойынша анықталған миокард инфаркты, тұрақсыз стенокардия (ТзС) жатады.

Читайте также:  Болевой синдром при стенокардии у молодых

ЖКС болуының клиникалық және ЭКГ-лық критерийлері

Жоғарғы (ең болмаса осылардың бір белгісі болса)

  • Анамнез: Кеудесінде, сол қолында ауырсынулар(дискомфорт) –   (анамнезінде стенокардия не инфаркты бар адамдарда негізгі симптом орнында)
  • Тексеру нәтижесі: Митралды  регургитация шуы, гипотензия, өкпе шемені, өкпесінде сырылдардың болуы
  • ЭКГ: ST сегментінің жаңадан ығысулары (³0,05 mV), немесе Т тісшесінің инверсиясы (³0,2 mV)

Аралық (жоғарғы критерийлерсіз ең болмаса осылардың бір белгісі болса)

  • Анамнез: Кеудесінде, сол қолында ауырсынулар (дискомфорт) –  (негізгі симптом орнында) – жасы > 70; ер адам; қант диабеті бар адам.
  • Тексеру нәтижесі: Тамырлардың атеросклероздық ауруларының болуы
  • ЭКГ: Даму мерзімдері белгісіз дерттік Q тісшесі, ST сегменті мен Т тісшесі өзгерістерінің анықталуы

Төменгі (жоғарғы не аралық критерийлерсіз ең болмаса осылардың бір белгісі болса)

  • Анамнез: Аралық критерий болмағанда ауырсыну ишемиялық сипатқа ұқсаса; кокаин қолданса.
  • Тексеру нәтижесі: Кеудесін басқандағы ауырсынулар
  • ЭКГ: Қалыпты ЭКГ немесе R тісшесі басым тіркемелерде Т тісшесінің инверсиясы немесе оның жайдақталуы

Жедел коронарлы синдром жәрдем көмегі

ST сегментінің көтерілуінсіз ЖКС – алғаш жасалған ЭКГ-да ST сегментінің көтерілуі анықталмайтын ЖКС.

ST сегментінің көтерілуінсіз миокард инфаркты – миокардта некроз тудыра алатын айқындылығы мен ұзақтығы жеткілікті жіті дамыған ишемия. Бұл кезде алғаш жасалған ЭКГ-да ST сегментінің көтерілуі анықталмайды.

ТзС – миокардта некроз дамуын тудырмаған жіті дамыған ишемия.

Миокардтың ST сегментінің көтерілуінсіз инфаркты мен ТзС-сына патогенездері мен клиникалық көріністері ортақ, алайда Т тропонині (тропонин I) немесе МВ креатинфосфокиназының изоферменті деңгейлерінің артулары арқылы анықталатын миокардтың үлкен зақымдануының болу не болмауына сәйкес ажыратылады.

Егер қан құрамында аталған көрсеткіштердің жоғарылауы анықталса, онда миокард инфаркты диагнозы қойылады, ал егер олар көтерілмесе – онда ТзС болады.

Коронарлық жіті синдромды ауруханаға дейінгі этаптағы емінің негізгі қағидаларына:

  • ауырсынуды адекватты басу
  • антибромбоздық емді бастау
  • науқас адамды арнайы емдік мекемеге жеткізу
  • және осы синдромнан болған асқынуларға ем қолдану болып табылады.

Жедел коронарлы синдромға жедел көмек көрсету

  • Физикалық және эмоциялық тыныштық, таза ауамен тыныстану.
  • Нитроглицерин (0,5 – 0,4 мг тіл астына 3 ретке дейін қайталауға болады), АҚ қадағалау қажет.
  • Ацетилсалицил қышқылы 0,250 – 0,325 г ұсақтап шайнау және (немесе) клопидогрел 300 мг.
  • Морфин 1%–1 мл не промедол 1%–1 мл – ауырсыну толық басылғанша.
  • Ауру басталуының алғашқы 6 – 12 сағат арасында – тромболизистік терапия – стрептокиназа 1500000 МЕ 100 мл физиологиялық NaCl ерітіндісінде венаға 30–60 мин ішінде тамшылатып егу; немесе альтеплаза–15 мг венаға, одан соң 0,75 мг/кг/мин (50 мг дейін) 30 минут арасында, содан кейін 0,5 мг/кг/мин (35 мг дейін) 60 минут арасында (қосарланған дозасы 100 мг дейін).
  • Тромболизистік емді қолдануға болмағанда – гепарин 60 ед/кг (4000 ед дейін) венаға егу, одан кейін тек тамшылатып егу 12 ед/кг/сағ (1000 ед/сағ дейін 1–2 тәулікте) немесе төменгімолекулярлы гепариндер (эноксапорин–клексан 30 мг) венаға егу.
  • β-адреноблокаторлар (метопролол 5 мг венаға әрбір 5 минут сайын 3 рет, қосарланған дозасы 15 мг дейін, АҚ қадағалануы тиіс; пропранолол; эсмолол).

Госпитализацияға қажеттілік және тасымалдануы

ST сегментінің көтерілуі бар ЖКС науқас адамдар кешіктірмейтін реперфузиялық емді (тромболитиктер, алғашқы ангиопластика).

ЭКГ-да ST сегментінің жылжулары, Т тісшесінің өзгерулері бар, ауырсыну симптомы қайталанған немесе оның ұзақтығы 20 минуттан асқан, гемодинамикалық көрсеткіштері тұрақсыз (АҚ, пульс) және, сол сияқты, синкопалық есінен танулары бар ЖКС науқас адамдар міндетті ауруханаға жатқызылуы тиіс.

Кеудесіндегі ауырсынудың ишемиялық сипатқа аздаған болса да ұқсастығы бар адамдар, тіпті тән ЭКГ белгілері анықталмаса да, реанимациялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, ЭКГ-лық динамикалық қадағалау мүмкіншілігі бар және миокард инфаркты биомаркерлерін анықтай алатын емдеу мекемесіне міндетті түрді жеткізілуі және оған жатқызылуы тиіс.

ЖКС бар адамдарды тасымалдайтын жедел медициналық жәрдем көліктері дефибриллятормен, қажетті реанимациялық құрал-жабдықтармен, оттегімен тыныстандыра алатын және қажетті дәрілік заттардың жиынтығымен қамтамасыз етілуі тиіс.

Читайте также:  Алкогольный абстинентный синдром с судорожным компонентом

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Жіті коронарлы? синдром ал?аш?ы к?мек 2016

Publication author

Loading…

Источник

Жедел коронарлы синдром-тұрақсыз стенокардияға немесе жедел миокард инфарктісіне күдік тудыратын симптомдар немесе клиникалық белгілер жиынтығы. Жедел коронарлы синдромға жедел миокард инфарктісі, ST–жоғарылауымен миокард инфарктісі,

ST-жоғарылауынсыз миокард инфарктісі, биомаркерлер бойынша, немесе ЭКГ белгілері бойынша, ферменттер өзгерісі бойынша анықталған миокард инфарктісі және тұрақсыз стенокардия жатады. Термин осы аталған жағдайлардың соңғы диагнозына дейінгі емдеу тактикасын таңдау қажеттілігіне байланысты пайда болған.

ST жоғарылауымен жедел коронарлы синдромға кеудесіндегі ауырсыну немесе дискомфорт және электрокардиограммадағы ST сегментінің тұрақты жоғарылауы немесе

«жаңа» (алғаш пайда болған немесе пайда болуы мүмкін) Гисс шоғыры сол аяғының толық блокадасы тән. ST сегментінің тұрақты жоғарылауы коронарлы артерияның жедел толық бітелуін көрсетеді.Бұл жағдайда емдеудің негізгі мақсаты тамыр бітелуін тез және тұрақты жою. Осы мақсатта тромболитиктер қолданылады (егер қарсы көрсеткіштері болмаса).

ST жоғарылауынсыз жедел коронарлы синдромға кеудесіндегі ауырсыну және элекрокардиограммада жедел ишемия белгілерінің болуы, бірақ ST сегментінің жоғарыламауы тән. Бұл науқастарда ST сегментінің тұрақты немесе өтпелі депрессиясы, Т тісшесінің инверсиясы, тегістелуі болуы мүмкін. Түскен кезде ЭКГ қалыпты болуы да мүмкін. Бұл науқастарда ишемияны және симптомдарды жою, ЭКГ-ны қайталап түсіріп бақылау және миокард некрозының маркерлерін (жүрек тропониндері, креатинфосфокиназа) анықтау қажет. Мұндай науқастарды емдеуде тромболитиктер қолданбайды.

Тұрақсыз стенокардия-ауырлығы және ұзақтығы миокард некрозын тудыруға жеткіліксіз жедел миокард ишемиясы. ЭКГ-да ST жоғарылауы жоқ, қанда миокард инфарктісі диагнозын қоюға жеткілікті мөлшердегі миокард некрозының биомаркерлері жоқ.

Этиологиясы.

-коронарлы артериялардың тромбозы

-коронарлы тамырлардың ұзақ спазмы

-миокардтың оттегіне қажеттілігінің кенеттен жоғарылауы

Патогенезі.

-коронарлы тамырлардың бітелуі

— миокардтың оттегімен жеткіліксіз қамтылуы

— жүрек бұлшық етінің некрозы

Жіктелуі.

Клиникалық өтуіне байланысты келесі түрге бөледі:

— ауырсынулы

-абдоминалды

-демікпелі

-аритмиялы

— цереброваскулярлы

— симптомсыз

Некроздың орналасуы бойынша:

-сол жақ қарынша инфаркті (алдыңғы, перделік, артқы)

-оң жақ қарынша инфаркті (өзіндік диагноз болып табылмайды, төменгі миокард инфарктімен бірге дамиды)

Жүрек бұлшық етінің зақымдануының тереңдігіне байланысты:

-Q-қалыптасатын (транс-муральды немесе ірі ошақты). Аурудың алғашқы сағаттарында ST жоғарылауымен және кейіннен Q тісшесінің қалыптасуымен сипатталады.

-Q- қалыптаспайтын (трансмуральды емес немесе ұсақ ошақты).Q тісшесінің қалыптасуы тән емес, теріс Т тісшелерімен сипатталады.

Асқынуының болуына байланысты:

-асқынусыз.

-асқынумен.

Клиникалық белгілері.

Төс артындағы және жүрек тұсындағы қысып немесе батып ауырсыну. Ауырсыну стенокардияның әдеттегі ұстамасынан күштірек, әдеттегіден ұзақ, 15 минуттан көп сақталады. Ауырсыну сол жақ немесе оң жақ қолға, мойынға,төменгі жаққа, сол жақ жауырын астына, эпигастрий аймағына таралуы мүмкін. Науқас қозған, мазасыз, қорқыныш сезімі пайда болады. Нитраттарды тіл астына қойғанда әсері жоқ немесе ауырсынуды толық жоймайды немесе ауырсыну қысқа уақыттан кейін қайтадан пайда болады. Тері жабындары бозғылт, суық тер басқан. Жалпы әлсіздік, ауа жетпеуі мазалайды.

Асқынулары:

-жүрек ырғағының бұзылыстары

-жедел жүрек жетіспеушілігі

-кардиогенді шок

-перикардит

Жедел көмек.

Нитроглицерин тіл астына 0,5-1 мг немесе спрей 0,4-0,8 мг немесе 1-2 Тдоза. Ауырсынуды басу үшін. Қажет болған жағдайда және артериалдық қысымның қалыпты деңгейінде әрбір 5-10 минутта қайталау.

Ацетилсалицил қышқылы (егер науқас жедел жәрдем келгенге дейін өзі қабылдамаса)160-325 мг.

Гепарин 5000 ЕД көк тамырға.

Ауырсынуды басу үшін наркотикалық анальгетиктер енгізіледі. Морфин 1 мл 1% ерітіндіні 20 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен араластырып көк тамырға әрбір 5-10 минутта 4-10 мл-ден бөліп енгізеді. Ауырсыну синдромы мен ентікпе жойылғанға дейін немесе жағымсыз әсерлері пайда болғанға дейін.( гипотензия,тыныс алудың тежелуі, құсу).

STжоғарылауымен және алғаш пайда болған Гисс шоғыры сол аяғының толық блокадасыменмиокард инфарктісінде қарсы көрсеткіштері болмаса тромболитиктер енгізіледі. Стрептокиназа 1500000 МЕ көк тамырға 30-60 минут ішінде енгізіледі. Гепарин енгізілмейді, ацетилсалицил қышқылын қабылдау жеткілікті. Алтеплаза-15мг көк тамырға алғашында, содан кейін 0,75мг/кг (50мг- нан көп емес) 30минут ішінде. Содан кейін 0,5мг/кг(35мг- нан көп емес) 60 минут ішінде. Ацетилсалицил қышқылымен бірге көк тамырға гепарин енгізу қажет. Тромболитиктер шеткі көк тамыр арқылы енгізіледі.

Читайте также:  Развивающие игры детей с синдромом дауна

Менің тәжірибемде 2011 жылы 5 науқасқа (ST жоғарылауымен жедел коронарлы синдром ) стрептокиназа 1500000 МЕ енгізілді. Барлық жағдайда науқастар асқынусыз стационарға жеткізілді. 2 науқаста тромболитиктер енгізуге қарсы көрсеткіш болды. 1 науқаста ми қан тамырларынын аневризмасы. 1 науқаста жасы 82 жаста, артериалдық қысым 190/100 мм с.б болды.

Источник

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында ұялы байланыс дамыған, ал жедел жәрдем шақыру тегін (телефон 103) шақырушы мемлекеттік немесе орыс тілінде диспетчерге шақыру орнын, жынысын, жасын, тегін, атын, әкесінің атын, адамның шағымын түсіндіру керек. Мынаны есте сақтау қажет, жүрек ауырған кезде әрбір минут қымбат, яғни «алтын сағат» ережесі іске қосылады, бұл дегеніміз, бір сағаттың ішінде пациентті кардиолог дәрігер міндетті түрде қарауы тиіс. Жіті коронарлық синдром жағдайында – шұғыл көмек және уақытында ауруханаға жатқызу маңызды болып табылады, өйткені тұрақсыз стенокардия мен миокард инфаргі пациенттердің өміріне бірдей қауіпті.

Сонымен, жүрек тұсының ауруына (ол күйіп, батып, шаншып), терлегіштік, үрей сезіміне шағым болғанда, мыналарды істеу қажет:

* Науқасты ұзынынан жатқызып, киімінің жағасын ағыту;

* Тілдің астына нитроглицерин таблеткасын беру;

* Бірнеше минуттан кейін екінші таблетканы беру.

Сізде ауру ұстамасын басудың бар болғаны екі әрекеті ғана бар: егер таблетка сорған соң екі-үш минут өткеннен кейін науқастың жағдайы жақсара қоймаса – тез арада жедел жәрдем бригадасын шақырыңыз.

Мұндай қиын емес үй диагностикасы қымбат уақытты сақтап, адамның жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Шақыртумен келген бригада пациентті қарап, біріншілік қарау жүргізеді, ЭКГ-ға түсіреді, тиісті медициналық көмек көрсетеді және алдын ала өте ұқыпты диагноз қоя отырып – жіті коронарлық синдром немесе қысқаша ЖКС, қорытындысымен ауруханаға жатқызуды ұсынады.

Жіті коронарлық синдромды диагностикалап, кардиолог дәрігерлер жағдайды дамытудың бір нұсқасын – тұрақсыз стенокардияға немесе миокард инфаргіне шабуылды ұсынады, өйткені олар ЖКС түсінігіне кіреді. Мынаны есте сақтаған жөн, жіті коронарлық синдром бірнеше сағат немесе минут ішінде болмай қоймайтын нәтиже – коронарлық өлім немесе ауқымды инфаркт жоғары мүмкіндікпен дами түседі.

Науқаста не болып жатқанын дәл анықтау қажет, ауруханаға жатқызуға дейінгі кезеңде анықтау мүмкін емес: екі патологияда да тек ЭКГ-ға түсуді талап етіп қоймай, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының қабылдау-диагностикалық бөлімшесінде тәулікбойы және тегін бірқатар зертханалық және аппараттық зерттеулер жүргізу керек болады. Сонымен бірге, бір атауға біріктірілген жіті миокард инфаргі де, тұрақсыз стенокардия да, мысалы, жүректің созылмалы ишемиялық ауруына қарағанда, пациенттердің өміріне аса қауіпті.

Жіті коронарлық синдромы дамуының басты бір себебі, тамырлардың бұрынғы және асқынған атеросклерозы.

Атеросклероздың күшею сатысында талшық өзінің тұрақтылығын жоғалтады, бәлкім оның жабындысының бүтіндігі де бұзылуы мүмкін. Тромба бітіскен немесе зақымданған тамыр жарығы бітелген жердегі тамырдың асқынуы байқалады. Көптеген пациенттер, әсіресе қарт адамдар ұзақ жылдар бойы жүректің ишемиялық ауруымен ауырады, алайда көбісі оның қандай ауру екенін түсіне бермейді.

Ишемия (жартылай қансыздану) миокардтың бөлігі – тұрақсыз стенокардияның белгісі, ал тіннің некрозы дегеніміз миокард инфаргінің дамуы деген сөз.

Бұл жағдайларды аурудың клиникалық көрінісінің көмегімен диагностикалап, ЭКГ және некроз маркеріне қанды биохимиялық зерттеумен айырады.

Егер диагностика мен емдеу толық және уақытында жүрсе, науқастар біртіндеп жазыла бастайды және үйден күтім алу үшін ауруханадан шығарылып, тұрғылықты жері бойынша терапевт дәрігер мен кардиолог дәрігерде амбулаториялық қадағалауда болады. Нұсқау бойынша Өскемен қаласының Оңалту орталығында оңалту емін алуы да мүмкін.

Үйдегі күтім дегеніміз, бұл тамырлардағы атеросклеротикалық процестерді баяулатуға бағытталған қатаң диета (қуырылған, майлы, тұзды, қақталған тағамдар, дәмдеуіштер), зиянды әдеттерден (шылым шегу, алкоголь) бас тарту. Физикалық және эмоциялық жүктемелер науқастың көңіл-күйін қатаң реттеп және бақылап отыруы тиіс: асықпай жаяу жүру, баспалдақпен баяу түсіп және көтерілу, ауыр емес үй жұмысы және қолайлы психологиялық хал-ахуал жұмысқа қабілеттілік пен сергектікті сақтауға көмектеседі.

Дәрігермен тағайындалған демеу беретін мөлшерлемедегі препараттарды өз бетімен тоқтатуға болмайды: оларды өмірбойы қабылдауға қалдырып отыр. Жазылып берілген мөлшерлемелерді өз қалауы бойынша азайтпай және көбейтпей, қатаң ұстанып отыруы тиіс.

Источник