Жедел коронарлы синдромы жедел к?мек

Жедел коронарлы синдромы жедел к?мек thumbnail

Жедел коронарлы синдром-тұрақсыз стенокардияға немесе жедел миокард инфарктісіне күдік тудыратын симптомдар немесе клиникалық белгілер жиынтығы. Жедел коронарлы синдромға жедел миокард инфарктісі, ST–жоғарылауымен миокард инфарктісі,

ST-жоғарылауынсыз миокард инфарктісі, биомаркерлер бойынша, немесе ЭКГ белгілері бойынша, ферменттер өзгерісі бойынша анықталған миокард инфарктісі және тұрақсыз стенокардия жатады. Термин осы аталған жағдайлардың соңғы диагнозына дейінгі емдеу тактикасын таңдау қажеттілігіне байланысты пайда болған.

ST жоғарылауымен жедел коронарлы синдромға кеудесіндегі ауырсыну немесе дискомфорт және электрокардиограммадағы ST сегментінің тұрақты жоғарылауы немесе

«жаңа» (алғаш пайда болған немесе пайда болуы мүмкін) Гисс шоғыры сол аяғының толық блокадасы тән. ST сегментінің тұрақты жоғарылауы коронарлы артерияның жедел толық бітелуін көрсетеді.Бұл жағдайда емдеудің негізгі мақсаты тамыр бітелуін тез және тұрақты жою. Осы мақсатта тромболитиктер қолданылады (егер қарсы көрсеткіштері болмаса).

ST жоғарылауынсыз жедел коронарлы синдромға кеудесіндегі ауырсыну және элекрокардиограммада жедел ишемия белгілерінің болуы, бірақ ST сегментінің жоғарыламауы тән. Бұл науқастарда ST сегментінің тұрақты немесе өтпелі депрессиясы, Т тісшесінің инверсиясы, тегістелуі болуы мүмкін. Түскен кезде ЭКГ қалыпты болуы да мүмкін. Бұл науқастарда ишемияны және симптомдарды жою, ЭКГ-ны қайталап түсіріп бақылау және миокард некрозының маркерлерін (жүрек тропониндері, креатинфосфокиназа) анықтау қажет. Мұндай науқастарды емдеуде тромболитиктер қолданбайды.

Тұрақсыз стенокардия-ауырлығы және ұзақтығы миокард некрозын тудыруға жеткіліксіз жедел миокард ишемиясы. ЭКГ-да ST жоғарылауы жоқ, қанда миокард инфарктісі диагнозын қоюға жеткілікті мөлшердегі миокард некрозының биомаркерлері жоқ.

Этиологиясы.

-коронарлы артериялардың тромбозы

-коронарлы тамырлардың ұзақ спазмы

-миокардтың оттегіне қажеттілігінің кенеттен жоғарылауы

Патогенезі.

-коронарлы тамырлардың бітелуі

— миокардтың оттегімен жеткіліксіз қамтылуы

— жүрек бұлшық етінің некрозы

Жіктелуі.

Клиникалық өтуіне байланысты келесі түрге бөледі:

— ауырсынулы

-абдоминалды

-демікпелі

-аритмиялы

— цереброваскулярлы

— симптомсыз

Некроздың орналасуы бойынша:

-сол жақ қарынша инфаркті (алдыңғы, перделік, артқы)

-оң жақ қарынша инфаркті (өзіндік диагноз болып табылмайды, төменгі миокард инфарктімен бірге дамиды)

Жүрек бұлшық етінің зақымдануының тереңдігіне байланысты:

-Q-қалыптасатын (транс-муральды немесе ірі ошақты). Аурудың алғашқы сағаттарында ST жоғарылауымен және кейіннен Q тісшесінің қалыптасуымен сипатталады.

-Q- қалыптаспайтын (трансмуральды емес немесе ұсақ ошақты).Q тісшесінің қалыптасуы тән емес, теріс Т тісшелерімен сипатталады.

Асқынуының болуына байланысты:

-асқынусыз.

-асқынумен.

Клиникалық белгілері.

Төс артындағы және жүрек тұсындағы қысып немесе батып ауырсыну. Ауырсыну стенокардияның әдеттегі ұстамасынан күштірек, әдеттегіден ұзақ, 15 минуттан көп сақталады. Ауырсыну сол жақ немесе оң жақ қолға, мойынға,төменгі жаққа, сол жақ жауырын астына, эпигастрий аймағына таралуы мүмкін. Науқас қозған, мазасыз, қорқыныш сезімі пайда болады. Нитраттарды тіл астына қойғанда әсері жоқ немесе ауырсынуды толық жоймайды немесе ауырсыну қысқа уақыттан кейін қайтадан пайда болады. Тері жабындары бозғылт, суық тер басқан. Жалпы әлсіздік, ауа жетпеуі мазалайды.

Асқынулары:

-жүрек ырғағының бұзылыстары

-жедел жүрек жетіспеушілігі

-кардиогенді шок

-перикардит

Жедел көмек.

Нитроглицерин тіл астына 0,5-1 мг немесе спрей 0,4-0,8 мг немесе 1-2 Тдоза. Ауырсынуды басу үшін. Қажет болған жағдайда және артериалдық қысымның қалыпты деңгейінде әрбір 5-10 минутта қайталау.

Ацетилсалицил қышқылы (егер науқас жедел жәрдем келгенге дейін өзі қабылдамаса)160-325 мг.

Гепарин 5000 ЕД көк тамырға.

Ауырсынуды басу үшін наркотикалық анальгетиктер енгізіледі. Морфин 1 мл 1% ерітіндіні 20 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен араластырып көк тамырға әрбір 5-10 минутта 4-10 мл-ден бөліп енгізеді. Ауырсыну синдромы мен ентікпе жойылғанға дейін немесе жағымсыз әсерлері пайда болғанға дейін.( гипотензия,тыныс алудың тежелуі, құсу).

STжоғарылауымен және алғаш пайда болған Гисс шоғыры сол аяғының толық блокадасыменмиокард инфарктісінде қарсы көрсеткіштері болмаса тромболитиктер енгізіледі. Стрептокиназа 1500000 МЕ көк тамырға 30-60 минут ішінде енгізіледі. Гепарин енгізілмейді, ацетилсалицил қышқылын қабылдау жеткілікті. Алтеплаза-15мг көк тамырға алғашында, содан кейін 0,75мг/кг (50мг- нан көп емес) 30минут ішінде. Содан кейін 0,5мг/кг(35мг- нан көп емес) 60 минут ішінде. Ацетилсалицил қышқылымен бірге көк тамырға гепарин енгізу қажет. Тромболитиктер шеткі көк тамыр арқылы енгізіледі.

Менің тәжірибемде 2011 жылы 5 науқасқа (ST жоғарылауымен жедел коронарлы синдром ) стрептокиназа 1500000 МЕ енгізілді. Барлық жағдайда науқастар асқынусыз стационарға жеткізілді. 2 науқаста тромболитиктер енгізуге қарсы көрсеткіш болды. 1 науқаста ми қан тамырларынын аневризмасы. 1 науқаста жасы 82 жаста, артериалдық қысым 190/100 мм с.б болды.

Источник

Жіті (жедел) коронарлы синдром деп миокард инфарктісін немесе тұрақсыз стенокардияға күмән тудыратын кез келген симптомдарды және клиникалық көріністерді айтады.

  1. ST тісшесінің жоғарылауымен көрінетін миокард инфарктісі;
  2. ST тісшесінің жоғарылауынсыз крінетін миокард инфарктісі;
  3. Кардиоспецификалық ферменттер, биомаркерлер, ЭКГ соңғы кезеңінде жасағанда анықталатын миокард инфарктісі;
  4. Тұрақсыз стенокардия;

Жіті (жедел) коронарлы синдром диагнозы жеке нозология болып табылмайды. Науқас ауруханаға келген соң «Жіті коронарлы синдром» диагнозы басқа диагнозға ауысуы керек. Ол келесілер: тұрақсыз стенокардия, Q тісшесімен миокард инфарктісі, Q тісшесі жоқ миокард инфарктісі, сұрақты стенокардия немесе басқа ауру.

Жіті (жедел) коронарлы синдром патогенезі.

Жіті (жедел) коронарлы синдром патогенезінде келесі факторлар басты орынды алады:

  • Атеросклеротикалық түйін жарылуы емесе эрозиясы;
  • Әртүрлі сатыдағы коронарлы артерия тромбозы;
  • Коронарлы артерия спазмы;
  • Коронарлы артерия дистальды эмболизациясы;
  • Қабыну;
Читайте также:  Берлинский синдром что это значит

Атеросклеротикалық түйіндердің жарылуы немесе эрозиясы оның тұрақсыздығы келесі себептермен байланысты:

  • Липидтік ядроның үлкен көлемі;
  • Коллаген зақымдалуымен, жіңішке фиброзды капсула;
  • Біріңғай салалы бұлшықеттер төмен тығыздығы;
  • Макрофагтардың жоғары концентрациясы;

Жіті (жедел) коронарлы синдром клиникалық көрінісі.

Жедел коронарлы синдром ST тісшесінің төмендеуінсіз жүретін түрінде екі нозологиялық формаға бөлінеді. Олар тек симптомдардың айқын көрінуімен ғана ерекшеленеді десе де болады. Бұл екеуіне ST тісшесіндегі өзгеріссіз инфаркт миокарды және тұрақсыз стенокардия жатады.

ST тісшесіндегі өзгеріссіз инфаркт миокарды дегеніміз миокардтың жедел ишемиясы. Бұл кезде ауру ауырлығы және ұзақтығы оның миокардта некроз түзілуіне әсер ете алады.

Бастапқы ЭКГ де ST тісшесінің жоғарылауы байқалмайды. Көпшілік науқастарда сонымен қатар Q тісшесі де анықталмайды. Мұндай науқастарда Q тісшесі жоқ миокард инфарктісі анықталады.

ST тісшесіндегі өзгеріссіз миокард инфарктісі тұрақсыз стенокардиядан тек қанда миакард некрозының маркерлері анықталуымен (концентрациясының жоғарылауымен) ажыратылады.

Тұрақсыз стенокардия дегеніміз миокард некрозын тудыруға аурудың ауырлығы және ұзақтығы жетпейтін миокард инфарктісін айтамыз. Бұл кезде де ЭКГ де ST тісшесі жоғарылауы анықталмайды. Миокардта некроз процессі болмағандытан қанға миокард некрозының арнайы маркерлері табылмайды.

Жедел коронарлы синдром кезіндегі науқас шағымы

Негізі көрініс ретінде науқаста 15 мин асатын ауырсыну синдромы байқалады. Стенокардияның түнгі және тыныштық уақытындағы ұстамасы дәрігерге қаралуға себеп болады.

Атипті көріністері 75 жастан асқан науқастарда, 40 жасқа дейінгі жас адамдарда, қант диабетімен ауыратындарда, әйелдерде байқалуы мүмкін. Келесі симптомдар көрінеді:

  • Тыныштықтағы ауырсыну;
  • Эпигастральді аумақтағы ауырсыну;
  • Асқортудың жедел түрдегі бұзылысы;
  • Кеуде қабырғасындағы ине сұққан тәрізді ауырсыну;
  • Плевритке тән кеуде қуысындағы ауырсыну;
  • Ентігудің күшеюі, физикалық жүктемені көтере алмау;

Жедел коронарлы синдром кезінде ЭКГ жүргізу негізгі дигностикалық әдістердің бірі. Бұл кезде негізгі көрініске жататыны: ST сегментінің жылжуы және Т тісшесінің өзгеруі. ЭКГ негізінде ауырсыну ұстамасы кезінде жасаған тиімді. Коронарлы синдромды шартты диагностикасы үшін бірнеше ЭКГ динамика кезінде жасау керек.

ЭКГ мен коронарлы синдромға диагностика үшін екі жағдай маңызды:

  • Ауырсыну синдромы жоқ болғанда ЭКГ де өзгерістер байқалмауы мүмкін.
  • Егер ЭКГ өзгеріс жоқ болса, ол жедел коронарлы синдромның жоқ екенін көрсетпейді.

Жедел коронарлы синдром лабараторлы диагностикасы

Қанның жалпы анализін жүргізу көрстілген. Мұнда біз лейкоциттер, лейкоцитарлы формула, эритроциттер, гемоглобин құрамы, ЭТЖ қараймыз. Сонымен қатар арнайы биохимиялық көріністерге мән беру керек, олар тропониндер, МВ-фракция креатининфосфокиназа, глюкоза.

Миокард некрозының маркерлері.  Бұған жоғарыда аталғандар (тропониндер, МВ-фракция креатининфосфокиназа) жатады. Қанда тропониндер немесе МВ-КФК табылса, оларды келесі 12 сағатта ауырсыну синдромынан кейін тағы анықтау керек. Бұл миокард некрозын нақтылауға қажет.

Жедел (жіті) коронарлы синдромды емдеу

Коронарлы синдромы бар науқасты ауруханаға жансақтау бөліміне немесе интенсивті терапия бөлімін госпитализация жасау керек. Жансақтау бөлімінде жату уақыты науқас жағдайына, ЭКГ динамикасына, қан және биохимиялық көрсеткіштерге байланысты болады.

Медикаментозды емдеу

Жедел коронарлы синдромды емдеуде бірнеше топ емдік препараттарды пайдаланады.

  1.  Нитраттар;
  2. В-адреноблокатор;
  3. Кальций каналын тежеуші блокаторлар;
  4. Антитромбтық, антитромбоцитарлық препараттар: ацетилсалицил қышқылы, клопидогрел, абциксимаб, эптифибатид;
  5. Антитромбиндық препараттар: гепарин, натрий төменгі мөлекулалы гепарин –энксапарин натрий, надропарин кальций, далтепарин натрий;

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Жедел коронарлы синдромы жедел к?мек

Publication author

Loading…

Источник

1. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы Интерндер Терапия кафедрасы

“Жедел коронарлы синдром ”
Дайындаған: Сарсенов Н
Тобы:603 ТКБ
Қабылдаған: Имашева М.А
Шымкент,2016

2. Жоспары:

Дәріс аяқталғаннан кейін сіздер білу керексіздер:
Жедел коронарлы синдром(ЖКС) анықтамасы;
Жедел коронарлы синдром классификациясы;
Жедел коронарлы синдромның негізгі клиникалық
синдромдарын, диагностикалау әдістерін, ЭКГ оқи
білу ;
Жедел коронарлы синдром кезінде шұғыл көмек
көрсету алгоритмі.

3.

Клиникалық жағдай
Науқас К., 55 жаста. Шақыру себебі: тыныс алудың
қиындауы. Шағымдары: ауаның жетіспеу сезімі,
тыныштық кездегі ентігу, төс артындағы қысып
ауырсыну, ауырсыну сол жақ иыққа, жауырынға
беріледі, өлімнен қорықу сезімі, әлсіздік.

4.

Ауру
тарихынан: 2-3 апта бойы тұншығу
ұстамалары қайталанған. Науқастың жағдайы
соңғы 2 сағатта нашарланған. Өз бетімен
нитроглицеринді қабылдаған, бірақ науқастың
жағдайы жақсармады, ауырсыну интенсивтілігі
артуда.
Өмір анамнезі: Анасы артериальды гипертензиямен
ауырады,әкесі 55 жаста миокард инфарктісінен
қайтыс болған.
Зиянды әдеттері жоқ.
Аллергиялық анамнезі: жоқ.

5.

Қарау кезінде: Жағдайы орташа ауырлық дәрежеде,
айқын ауырсынуға байланысты. Науқас қозғыш,
мазасыз.
Науқас гиперстеник, бойы 168 см, салмағы – 102 кг.Тері
жабындысы ақшыл,ылғалды, маңдайы суық .
Перифериялық ісінулер жоқ.
Кеуде клеткасы қалыпты формалы. Аускультацияда
өкпеде везикулярлы тыныс,сырылдар жоқ. ТАЖ 20
рет минутына.
Жүрек аймағында өзгерістер жоқ. Пальпациялағанда
жүрек түрткісі – сол жақ бұғана орта сызығынан 1,5
см сыртқа 5-ші қабырға аралығында. Аускультацияда
жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс, қолқа
бағаны устінде ІІ тонның акценті. ЖЖЖ 90 рет
минутына.АҚҚ 130/80 мм.сын.бағ.
Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр оң қабырға доғасында
пальпацияланады, ауырсынусыз.

6. Мәселе = симптом

Науқас қозғыш, мазасыз, өлімнен қорықу сезімі;
Ентігу, ауа жетіспеу сезімі
Төс артындағы қысып ауырсынуы;
Ұстама ұзақтығы 2 сағатқа созылған;
Ауырсыну сол жақ қолға, жауырынға беріледі;
Нитраттарды тіл астына қолданғанда нәтиже жоқ.
Ауырсыну интенсивтілігі артуда

Читайте также:  Мочевой синдром компоненты мочевого синдрома

7. Мәселе = симптом

Тері жабындысы ақшыл. Гипергидроз,маңдайда суық тер;
Семіздік ІІІ дәрежесі;
Жүрек шекарасы сол жаққа кеңейген. Жүрек тондары
тұйықталған, ритмі дұрыс. Қолқа бағанасы үстінде ІІ
тонның акценті.
ЭКГ: Синусты тахикардия. ЖСЖ 90 рет минутына. ST
сегментінін изолиниядан төмен түсуі І, АVL, V5-V6. Осы
тіркемелерде Т тісшесінің жоғалуы көрінеді.
Тропонинді тест: оң

8. Клиникалық синдромдар:

Ауырсыну синдромы
Ентігу синдромы
Астено- вегетативті синдром

9. ЖКС диагностикалық критерилері:

Аурудың біртіндеп басталуы;
Ауырсыну төс артында, қысып, басып ауырсыну
Ауырсыну сол жақ қолға және сол жақ жауырынға
беріледі;
Ауырсыну нитроглицеринмен басылмайды;
Ауырсыну интенсивтілігі уақыт өте арта түседі;
Науқас қозған, мазасыз, өлім сезімі.
ЭКГ: Синусты тахикардия. ЖСЖ 90 рет минутына. ST
сегментінін изолиниядан төмен түсуі І, АVL, V5-V6.
Осы тіркемелерде Т тісшесінің жоғалуы көрінеді.

10. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

Жедел коронарлы синдром. Жедел сол жақ
қарыншаның жоғарғы бүйір қабырғасының
субэпикардияльді миокард инфарктісі. Қан
айналым жеткіліксіздігі О.

11. Анықтамасы

Жедел коронарлы синдром-
жүректің ишемиялық
ауруының клиникалық көрінісінің критикалық фазасы.
Жедел коронарлы синдром – жедел миокард
инфаркты немесе тұрақсыз стенокардияға күдік
туғызатын
кез-келген
клиникалық,
электрокардиографиялық,
лабораторлық
белгілермен көрінетін жедел миокард ишемиясы.

12. Қауіпті факторлары:

Егде және қарт жастағы адамдар;
Артериальді гипертензия;
Қантты диабет;
Липидті алмасудың бұзылысы;
Зиянды әдеттері;
Абдоминальді семіздік;
Отбасы анамнезінде ерте жүрек – тамыр
аурулары бар болса.

13. Этиология

Коронарлы артериялардың атеросклероздық
зақымдалуы;
Атеросклероздық табақшаларда қан ұюы,интиманың
сыдырылуы;
Коронарлы тамырлардың ұзақ уақытты спазмы;
Организмнің оттегіге деген сұраныстың тез
жоғарлауы.

14. Патогенез

Коронарлы тамырлардың окклюзиясы
Миокардты оттегімен жеткіліксіз қамтамасыз етуі
Жүрек бұлшықетінің некрозы

15. Жедел коронарлы синдромның жіктелуі

Жедел коронарлы синдром
ST сегментінің
көтерілуімен
Тұрақсыз
стенокардия
ST сегментінің
көтерілуінсіз

16.

көтерілмеген
•ЭКГ- ST
көтерілген
•Толық емес тромбпен
бітелген
•Толықтай тромбпен
бітелген
тұрақсыз
стенокардия
• Q тісшесінсіз МИ
миокард
инфарктісі

17. ST сегментінің көтерілуінсіз, 5% жағдайда ЖКС әкеледі 1. Тұрақсыз стенокардия 2. Ұсақ ошақты миокард инфарктісі (МИ), интрамуральді МИ –Q-толқы

Жедел коронарлы
синдром жіктелуі
ST сегментінің көтерілуінсіз,
5% жағдайда ЖКС әкеледі
1. Тұрақсыз стенокардия
2. Ұсақ ошақты миокард инфарктісі (МИ),
интрамуральді МИ
–Q-толқынынсыз МИ
–Q-толқынымен жүретін жедел МИ К подъемом
сегмента ST-T

18.

Тұрақсыз стенокардияның жіктелуі :
1. Алғаш пайда болған;
2. Үдемелі,
3. Инфарктан кейінгі стенокардия
формалары, ол тұрақты стенокардияға
ауысыды немесе ұзақ уақыт ремиссия болады
немесе жедел миокард инфарктісі пайда
болып кенеттен өліммен аяқталады.

19.

Тұрақсыз стенокардияның жіктелуі (Браунвальд
бойынша).
I класс — алғаш пайда болған стенокардия (2 айдан аз аралықта), ауыр
стенокардия немесе үдемелі стенокардия соңғы 2 ай аралығында
тыныштық жағдайда ангинозды ұстамалары болмағанда.
II класс: жеделдеу стенокардия (48 сағаттан – 1 ай аралығында
тыныштық жағдайда стенокардия ұстамалары болса).
III класс: жедел стенокардия (соңғы 48 сағат аралығында бір рет
ангинозды ұстама болса).
А класс — екіншілік тұрақсыз стенокардия, екіншілік қоздыратын
факторлар (мысалы, анемия, инфекционды аурулар, тиреотоксикоз
салдарынан).
В класс — біріншілік тұрақсыз стенокардия.
С класс — постинфарктті стенокардия (МИ кейін 2 аптадан аз уақыт
өткенде пайда болады).

20.

Острый коронарный
синдром.
Миокард инфарктісіабсолютті немесе салыстырмалы
коронарлы жеткіліксізден пайда
болатын жүрек тініндегі жедел
некроздық ошақ.

21. Жедел миокард инфарктісінің жіктелуі. 1. ST-T сегментінің көтерілуімен жүретін жедел миокард инфарктісі (трансмуральді, эпикардиальді айма

Жедел коронарлы
синдром
Жедел
миокард
инфарктісінің
жіктелуі.
1. ST-T сегментінің көтерілуімен жүретін жедел миокард
инфарктісі (трансмуральді, эпикардиальді аймақты қанмен
қамтамасыз ететін коронарлы артерияның окклюзиясы). Жиі толық
окклюзия болғанда патологиялық Q- тісшесі пайда болады.

Q
толқынды
миокард
инфарктісі.
2. ST-T сегментінің көтерілуінсіз жүретін миокард инфарктісі
(интрамуральді,
коронарлы
артерияның
толық
емес
окклюзиясымен немесе олардың стенозында пайда болады), жиі
патологиялық Q тісшесінсіз жүреді (ұсақ ошақты МИ).

22. Зақымдалу тереңдігіне қарай: Трансмуральді- -миокардтың барлық бөлігі зақымданған; интрамуральді– белгілі бір қарыншалар қабырғасы ішін

Жедел коронарлы
синдром
Зақымдалу тереңдігіне қарай:
Трансмуральді- -миокардтың барлық бөлігі зақымданған;
интрамуральді– белгілі бір қарыншалар қабырғасы ішінде,
эндокардқа және эпикардқа жетпейді;
— субэпикардиальді;
— субэндокардиальді
ЭКГ: ST-T депрессиясы– субэндокардиальді ишемия,
ST-T инверсиясы — трансмуральді ишемия,
QS комплексінің пайда болуы, R тісшесінің – некроз аймағында
болмауы, трасмуральді инфаркт белгісі,
терең Q тісшесі, R тісшесі сақталғанда- интрамуральді МИ,
Q тісшесінсіз, T тісшесінің инверсиясы — ұсақ ошақты МИ.

23.

Жедел коронарлы
синдром
Орналасуына қарай:
1. Алдыңғы қабырғалық, алдыңғы және аралық
аймақты қамтыған, алдыңғы қабырғасынан сол жақ
қарыншаның бүйірлі қабырғасын қоса қамтыған
миокард инфарктісі – сол жақ қарыншаның негізгі
«насостық» бөлігі зақымданғандықтан болжамы өте
қолайсыз, ол кардиогенді шокқа, кенеттен өлімге
әкеледі.
2. Сол жақ қарыншаның бүйірлі қабырғасы
3. Артқы, төменгі қабырғасы — АВ-блокады II сатысы
Мобитц 2, III сатысы дамуына үлкен қауіп.
4. Оң жақ қарыншаның миокард инфарктісі.

24. Клиникалық ағымы бойынша:

Ауырсынулық;
Абдоминальды;
Атиптік;
Астматикалық;
Аритмиялық;
Цереброваскулярлы;
Симптомсыз.
Асқынуына байланысты:
асқынбаған
асқынған

Читайте также:  Глазные капли при синдроме сухого глаза инструкция

25. Стадии Миокард инфарктісінің кезеңдері: 1. Продромальді, ауырсыну алды белгілері. 2. Кенеттен – миокардта кенеттен ишемия пайда болғаннан б

Жедел коронарды
синдролм.
Стадии Миокард инфарктісінің кезеңдері:
1. Продромальді, ауырсыну алды белгілері.
2. Кенеттен – миокардта кенеттен ишемия пайда болғаннан
бастап некроз пайда болғанға дейінгі уақыт (30 минуттан 2
сағатқа дейін).
3.Жедел– некроз аймағы пайда болу аралығы 2 күннен 10 күнге
дейін.
4. Жеделдеу – тыртықтанудың алғашқы сатысы, некроздық
масса грануляционды тканьмен алмасады. Ол 4 аптадан 8 аптаға
дейін.
5. Жедел миокард инфарктісі диагнозынан кейін 2 айдан кейінинфаркттен кейінгі кардиосклероз қойылады.
6. Инфаркттен кейінгі — 4-6 ай аралығында – тыртықтың
тығыздығы артып, миокард жаңа жағдайда бейімделеді.

26. Жедел жәрдем келгенше берілетін кеңестер

Науқасты басын көтеріп жатқызу;
Төсектік режим;
Науқасты тыныштандыру;
Тіластына нитроглицерин ,1-2 таблетка немесе 1-2 спрей
дозасы,керек болса 5 минуттан кейін қайталау;
Егерде ауырсыну ұстамасы 15 минуттан ұзақ болса,160325 мг ацетилсалицил қышқылын шайнауға беру;
Науқас бұрын қабылдаған дәрілерін беру;
Ескі ЭКГ-ны дайындау;
Науқасты қараусыз қалдырмаңыз.

27. Риск стратификация больного с ОКС без подъема сегмента ST Рекомендации Европейского общества кардиологовамуына : 1. Высокий риск 2. Низкий р

Жедел коронарлы
синдром
ЖКС дамуына қауіп дәрежесі:
Риск стратификация больного с ОКС без
Жоғарғы қауіп:
подъема
сегмента
ST шарт:
Т
өменде көрсетілген
бір фактор болуы
● ST сегментінің өзгерісі (1мм артық депрессия, Т тісшесі теріс,
Т тісшесінің жалған қалыпқа келуі, 30 мин дейін Т тісшесінің 1
мм артық көтерілуі)
● Төс артына ауырсынудың қайталануы
●Ерте инфаркттен кейінгі стенокардия
● Арнайы ферменттердің элевациясы (Тропонин, КФК)
● Қантты диабет
● Гемодинамиканың тұрақсыз болуы
● Жүрек ритмінің ауыр бұзылысы(қарыншалар фибриляциясы)
Рекомендации
Европейского общества кардиологовамуына
:
1. Высокий риск
2. Низкий риск

28. Аз қауіп: ● бақылау барысында төс артындағы ауырсынудың қайталанбауы ● бақылау барысында арнайы жүректік ферменттердің болуы ● SТ сегмен

Жедел коронарлы
синдром
Аз қауіп:
● бақылау барысында төс артындағы
ауырсынудың қайталанбауы
● бақылау барысында арнайы жүректік
ферменттердің болуы
● SТ сегментінің депрессиясының болмауы
● Т тісшесі теріс, ЭКГ қалыпты болады.

29.

Жедел коронарлы синдром кезіндегі
алгортм
Кеуде клеткасындағы
ауырсыну
Жедел коронарлы синдром
ST сегменті
көтерілуінсіз
Тропонин теріс
Тұрақсыз стенокардия
Pathophysiology
ST сегменті
көтерілуінсіз
Тропонин оң
Жедел миокард инфарктісі
Бір патологиялық процесс
Түрлі клиникалық көріністер
Емдеу стратегиясы әртүрлі

30. Госпитализациялауға дейінгі этап:

Лабораторные методы исследования
Алғашқы тексеріс әдістері:
— тропонин (Т немесе I)
— КФК
— миоглобин
— лейкоциттер, тромбоциттер саны
— С – реактивті белок

31. Лабораторлы және құралдық тексеріс әдістері:

Тропонин I — жиырылғыш белок, қалыпты жағдайда
қан сарысуында анықталмайды
Тропонин I миокард некрозынан кейін қан сарысуында
3-6 сағаттан кейін анықталады; 7-10 күн аралығында
оның концентрациясы жоғарғы қалыпта қалады.
Тұрақсыз стенокардиямен науқастарда тропонина Iоң
болуы коронарлы асқынуларға (МИ) және өлімге қауіп
жоғары екендігін көрсетеді..

32. Госпитализацияға дейінгі этап

1.ЭКГ интерпретация
2.барлығына ЭКГ жасау
3.ST сегментінің жоғарлауымен болатын Жедел
коронарлы синдромды арнайы клиникаға жеткізу,ЭКГ
тіркеу,уақытты мониторингілеу;
Реперфузионды терапия ,фибринолитикалық терапия
<30.

33.

Жедел көмек:
ЭКГ интерпретация;
Оксигенотерапия;
Ауырсынуды басу, ауырсыну интенсивтілігіне,
науқастың жағдайына, науқастың жасына
байланысты;
Бастапқы терапия – фибринолитикалық терапия.
Оттегі < 95 % тұншығу,жедел жүрек жеткіліксіздігі.
Ауырсынуды басу – көк тамыр ішіне морфин 4 мг
аспирин 150-300 мг
Фибринолитикалық терапия 150-500 мг пероральді.

34.

Тикагрелор — 180 мг пероральді,әрі қарай 90 мг
тәулігіне 2 рет;
Клопидогрел – 600 мг пероральді,әрі қарай 75 мг/тәул.
фибринолитикалық терапиямен бірге — 300 мг
пероральді;
Реперфузионды терапиясыз – 75 мг.

35.

Фибринолитикалық терапия аурудың симптомдары
басталғаннан бастап 12 сағат өтсе –
көрсетілмейді!!!
Симптомдардың басталғандарына 2 сағаттан аз
уақыт өтсе – фибринолитикалық терапия 90
минутқа дейін;

36.

37. Фибринолитикалық терапияға абсолютті қарсы көрсеткіштер

Бұрын геморраргиялық инсульт немесе бас ми
қанайналым бұзылыстары болса;
Соңғы 6 айда ишемиялық инсульт болса;
Аортаның жыртылуына күдік болса.

38. Салыстырмалы қарсы көрсеткінтер

Соңғы 6 айда транзиторлы ишемиялық атака
болса;
Пероральды антикоагулянтты терапия;
Жүктілік;
Артериальды гипертензия;
Бауыр аурулары;
Ойық-жара ауруларының өршуі;

39.

Фибринолитикалық терапия:
Альтеплаза көк тамырға 1 мг/кг
Тенетеплаза к/т 30 мг < 60 кг
35 мг <60-70кг
40 мг <70-80 кг
45 мг < 80-90 кг
50 мг > 90 кг
Стрептокиназа к/т 1500000 МЕ + 0,9 % NaCl
Антикоагулянтты терапия
Эноксапарин < 75 ж – 30мг 15 минуттан кейін 1
мг/кг –нан
Фондапаринукс к/т 2,5 мг

40. Болуы мүмкін асқыныстары:

Жүрек өткізгіштігі мен ритм бұзылысы;
Жедел жүрек жеткіліксіздігі;
Кардиогенді шок;
Механикалық асқыныстар:тромбтың үзілуі,
тамырдың жыртылуы;
Перикардит;
Ұзаққа созылатын ауырсынулық
ұстама,постинфарктілік стенокардия.

41. Ажыратпалы диагностика

Жедел қолқа аневризмасының жыртылуы;
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы;
Өңештің жыртылуы;
Жедел миокардит;
Асқазан ішік жолдарының жоғарғы бөліктерінен қан
кетілер.

Источник